ҚР Президенті Кубогында «Барыс» командасы «Адмиралға» есе жіберді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық «Барыс» командасы ҚР Президенті Кубогының шешуші матчында Владивостоктан келген «Адмиралдан» 0:3 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Алғашқы кезеңде Николай Глухов есеп ашса, меймандардың жеңісін екінші болып Максим Кицын бекіте түсті. Ойынның соңында Глухов астаналық команданың қақпасына тағы бір шайба салып, дубль орындады. Осылайша, қорытынды есеп бойынша 8 ұпай алған «Барыс» үшінші орынды қанағат тұтты.

Ал бірінші және екінші орынды «Нефтехимик» пен «Адмирал» командалары иеленді.

Соңғы жаңалықтар