Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -17 °С
Алматы: -2 °С
USD 319.68 EUR 392.95
RUB 5.63 CNY 50.26
Жаңалықтар

ҚР Президенті Атырауда металл құрылғыларын шығаратын өндірісті іске қосты

2017 жылғы 6 желтоқсан 11:49 1021
Бөлісіңіз:
ҚР Президенті Атырауда металл құрылғыларын шығаратын өндірісті іске қосты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырауда жылына 6 мың тонна металл құрылғыларын шығаратын өндіріс іске қосылды. Кәсіпорын жұмысының басталуына бүгін «Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың қадамы» ұлттық телекөпірі барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев рұқсат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Роботты жүйені енгізу арқылы шығарылатын металл құрылғыларының жылдық көлемін 6 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Біз 50 жаңа жоғары технологиялы жұмыс орнын құрдық. Инвестиция көлемі 2,5 млрд теңгеден асады. Біз мұнай-газ саласының халықаралық жобаларындағы отандық компания үлесін арттырғымыз келеді. Президент мырза! Өндірісімізді іске қосуыңызды сұраймыз», - деді «ЖігерМұнайСервис» ЖШС директоры Рафик Мұхатов.

Өз кезегінде Қазақстан Президенті жаңа өндіріс орнының жұмысын бастауға рұқсат беріп, зор табыстар тіледі.

«Біз мұнай мен газға бай ел саналамыз. Бүгінде күн тәртібінде біздің шикізаттарымызды қайта өңдеу мәселесі тұр. Сол арқылы қосылған құнын арттырып, мол қаражат табу қажет. Сондықтан бұл нысандар өте маңызды», - деп атап өткен Елбасы өндіріс ошағын іске қосу кезінде.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат