ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Қазан қаласына барды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Қазан қаласына барды. Онда 26 мамыр күні ТМД үкіметтері басшыларының Кеңесі мен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырыстарына қатысады. Бұл туралы www.primeminister.kz хабарлайды.

ТМД үкіметтері басшыларының кеңесінде инновациялар саласындағы ынтымақтастық, көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бейбіт мақсаттарда атом энергиясын пайдалану, контрафактілік өнімдерді шығару мен таратуға қарсы іс-қимыл, зияткерлік меншікті қорғау мәселелері қаралады.

Еуразиялық үкіметаралық кеңес жұмысы аясында Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асырудың негізгі бағыттары, ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы шығарып тастау мен шектеулерді жоюға байланысты шаралар жоспары, сонымен қатар агроөнеркәсіп кешені саласындағы бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі және т. б. мәселелер талқыланды.

ҚР Премьер-Министрі Қазанға келгеннен кейін бірқатар инновациялық нысандарды аралады, олардың қатарында ІТ-парк және Иннополис жоғары технологиялар қаласы бар. Сондай-ақ, Б. Сағынтаев қазандық инноваторлардың жаңа ғылыми әзірлемелерімен танысты.

Бақытжан Сағынтаев ІТ-паркті аралау барысында бизнес-инкубатор жұмысымен және «Глонасс+112» мониторинг орталығының жұмысымен танысты, сонымен қатар оған стартап жобалардың презентациясы ұсынылды. Осыдан кейін ҚР Премьер-Министрі ерекше экономикалық аймақтың және «Иннополис» жоғары технологиялар қаласы университетінің қызметімен танысты.

Анықтама:

Татарстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс министрлігі 30 мың шаршы метр аумақта орналасқан Қазан қаласының ІТ-паркінің негізін 2009 жылы қалаған. Мұнда 40 стартап жобаны ұсынатын 143 резидент бар.  

«Иннополис» ЕЭА жалпы ауданы 311,43 га-ны құрайтын екі алаңда орналасқан. Оның біреуінде инновациялық компаниялардың кеңселері мен ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық ғимараттар орналасқан. Екіншісі резидент компаниялардың өндірістік қызметіне арналған.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен АҚШ-қа барып, ірі ІТ-компаниялардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізіп, жетекші инновациялық ұйымдардың кеңселерін аралаған болатын.

Соңғы жаңалықтар