ҚР Премьер-Министрі Сараптама кеңесінің отырысын өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Экономика жөніндегі сараптама кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Отырыс барысында Мемлекет басшысының іскерлік ахуалды жақсартуға, әкімшілік кедергілерді азайтуға және бизнес-процестерге азаматтардың қатысуын кеңейтуге бағытталған саясатын іске асыру мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, бәсекелі ортаға мемлекетке тиісті емес функцияларды беру тетіктері қаралды.

«Қазақ мұнай және газ институты» АҚ бас директорының кеңесшісі Ж. Күлекеев және ҚР Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов елдегі өзін-өзі реттеу институтының қазіргі жағдайы мен оны дамыту перспективалары туралы баяндамаларымен таныстырды. Талқылауға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Досаев, «Сентранс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Е. Әбдіразақов, «Ракурс» экономикалық талдау орталығы» қоғамдық қорының директоры О. Жандосов, «Oil Gas Project» ЖШС директоры Ж. Ахметов, «Қазақстанның халық банкі» АҚ басқарма төрағасы Ү. Шаяхметова, «Қоғамдық мәселелерді талдау орталығы» қоғамдық қорының директоры М. Махмұтова, тәуелсіз сарапшы Д. Сәдуақасов қатысты. 

Айта кетерлігі,  2015 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасының «Өзін-өзі реттеу туралы» заңы қабылданды, ол ӨРҰ қызметтерін реттеу шегін анықтады.

2000 - 2016 жылдары бәсекелі ортаға мемлекеттік органдардың 28 функциясы өткізілді.

Соңғы жаңалықтар