ҚР Премьер-Министрі Перуашевтың дәретханасы ортақ жатақхана салу туралы сауалына жауап берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қазақстан Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Азат Перуашевтың «Нұрлы жер» тұрғын үй-құрылыс бағдарламасының аясында ауыл жастары үшін Астана, Алматы қалалары және облыс орталықтарында дәретханасы, асханасы ортақ жатақханалар салу туралы депутаттық сауалына жауап берді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА.

 «(...) Жаппай жатақхана салудың теріс жақтары да бар. Жеке асхана, дәретханасыз жатақхана тұрақты және ұзақ тұруға қолайсыз. Бұндай ғимараттың негізгі кемшілігі жалпы қолданатын душ, дәретхана, асханалардың санитарлық жағдайының нашарлығы,  адам көптігіне  байланысты тыныштықтың сақталмауы»,  - деді жауапта Премьер-министр.

Сондай-ақ, оның айтуынша, құрылысқа салынған қаражаттың қайтымдылығын қамтамасыз ете алмайтындығына байланысты бұл жоба мемлекеттік бюджетке салмақ салады.

«Осылайша үйге мұқтаж адамдар сұранысының артуы, мемлекеттік бюджеттің шектеулі мүмкіндігін ескеріп, қалаға келген ауыл жастарына жатақхана салуға қаражат бөлу туралы айту әлі ерте деп санаймын», - делінген жауапта.

Еске салсақ, Мәжілісте «Ақ жол» фракциясы Үкіметке «Нұрлы жер» тұрғын үй-құрылыс бағдарламасына тиесілі қаржыдн ақша бөліп, ауыл жастары үшін жекешелендіру құқығынсыз  ұзақмерзімге жалға берілетін дәліздік түрдегі жатақхана салуды енгізу туралы мәселені қарауды ұсынған еді.

Соңғы жаңалықтар