ҚР Премьер-Министрі «Павлодар» АЭА-дағы бірқатар нысандарды аралады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Павлодар» арнайы экономикалық аймағын (АЭА) аралады және онда іске асырылып жатқан жобалармен танысты, деп хабарлайды primeminister.kz.

«Павлодар» АЭА қызметінің басым бағыттары химия және мұнай-химия салаларындағы өңдеу өнеркәсібімен байланысты.

АЭА-да іске асырылған жобалардың бірі «УПНК-ПВ» ЖШС болып табылады, ол «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ қажеттіліктері үшін мұнай коксын қыздырумен айналысады. «УПНК-ПВ» ЖШС директоры Н. Әубәкіров кәсіпорында өнімділік пен өнім сапасын арттыруға мүмкіндік беретін заманауи жабдықтар және инновациялық технологиялар қолданылатынын баяндады. Қазіргі таңда өнімді отандық нарықпен қатар Ресей Федерациясына және Қытайға экспортқа жіберу мүмкіндігі пысықталуда.

Бұдан өзге, «Павлодар» АЭА аумағында «Gissenhaus» ЖШС-нің қосарланған алюминий өндіру бойынша жаңа жобасы іске асырылды. Зауыт директоры Э. Шфец жоба қуаты жылына 36 мың тонна алюминийді құрайтынын баяндады.

Кәсіпорын өнімі ішкі нарыққа жіберіледі және алюминийден жасалған жоғары технологиялық бұйымдарға сұранысты қамтиды.

Соңғы жаңалықтар