ҚР Премьер-Министрі Францияның Қазақстандағы елшісі Франсис Етьенмен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Франция Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Етьенмен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кездесу барысында тараптар экономикалық, мәдени-гуманитарлық және өңіраралық салалардағы ынтымақтастықты талқылады. Бұдан өзге, бірқатар екіжақты жобаларды іске асыру нәтижелері және екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту бойынша жоспарлар талқыланды.

Соңғы жаңалықтар