ҚР Премьер-Министрі Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты

None
None
Үкіметтердің басшылары ЕАЭО нарығындағы шығарып тастау мен шектеулерді жою, ЕАЭО мемлекеттерінде сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде «бірыңғай терезе» тетігін дамыту мен цифрлық күн тәртібін іске асыру барысын және экономикалық ынтымақтастықтың өзге де мәселелерін талқылады. Бұл туралы www.primeminister.kz хабайлайды.

Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындысы бойынша АӨК саласындағы ынтымақтастық туралы, ЕАЭО мемлекеттерінде сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесіндегі «бірыңғай терезе» тетігін дамыту туралы құжаттарға қол қойылды. ЕЭК-пен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнеркəсіптік тауарларға қатысты айрықша субсидияларды ерікті келісісу тəртібі туралы Келісімге қол қойылды.

Отырыс аясында Ресей Федерациясының үкімет басшысы Д. Медведев, Қырғыз Республикасының үкімет басшысы С. Жээнбеков, Беларусияның үкімет басшысы А. Кобяков, Арменияның үкімет басшысы К. Карапетян сөз сөйледі.

Қол қойылған өкімге сәйкес, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы Астанада тамыз айында өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар