ҚР Премьер-Министрі атыраулық жастармен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Атырау облысына жұмыс сапары аясында өңірдің студент жастарымен болашақ мамандықтарына арналған кадрлар даярлау және заманауи нарық жағдайларында түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz .

Кездесу барысында қатысушылар Мемлекет басшысының Қазақстанда әлемдік деңгейдегі оқыту орталықтарын құру бойынша тапсырмаларын іске асыру барысын, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының тақырыбын, кадрларды даярлау және қайта даярлау, түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, болашақ мамандықтары үшін дағдылар мен біліктіліктер қалыптастыру, дуальді оқытудың ерекшеліктері және кәсіби құзіреттерді кеңейту бойынша жас мамандарға жағдай жасау мәселелерін талқылады.

Аталған тақырыптар бойынша АРЕС PetroTechnic студенттері мен түлектері Әсел Жұмағұлова, Сұлтанбек Ғаббасов, Ғайса Ерғалиев және Валерия Гаврищева баяндама жасады.

Көтерілген мәселелер бойынша ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев түсініктеме берді. Ол сондай-ақ қазақстандық жас әзірлеушілермен бірлесіп жұмыс жасау үшін әлемдік ірі консорциумдарды тартудың маңыздылығын баса айтты, және жастарға өз біліктілігін арттыруға және шет тілдерін меңгеруге ұмтылу қажет екенін жеткізді.

Бақытжан Сағынтаев бүгінде Қазақстанда жаңа индустриялар құру және базалық секторларды цифрландырумен сипатталатын Қазақстанның үшінші жаңғыруы іске асырылып жатқанын айтып өтті. Озық технологияларды енгізу жастарға үлкен мүмкіндіктер ашады, алайда сонымен бірге заманауи жағдайда бәсекеге қабілетті болу үшін жаңа дағдылар мен құзыреттерді меңгеруді талап етеді.

Өз кезегінде ҚР Үкіметі қажетті біліктілікті алуға және осылайша жастарға заманауи нарықтың өзгеріп жатқан жағдайына бейімделуге барлық қажетті жағдайлар жасау үшін кешенді жұмыс жүргізеді. Атап айтқанда, ағымдағы жылдан бастап «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын іске асыру басталады. Бірінші кезекте тегін білім беру жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастарды, сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ еңбекке қабілетті жастағы адамдарды қамтиды. Бұл белгіленген экономика аясында жаңа өндірістер мамандарын даярлау үшін кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға серпін беру үшін жасалады.

Бұдан өзге, АТ-білімдерді, қаржылық сауаттылықты және сыншыл ойлауды қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесінің барлық деңгейлеріне арналған оқу бағдарламаларын жаңарту бойынша жұмыс жалғасады. Оған қоса, қалалық және ауылдық оқу орындары арасындағы білім беру сапасындағы айырмашылықты азайту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.    

Сонымен қатар, жоғары технологиялар саласында ғылыми жобалар әзірлеумен айналысатын жастарды қолдаудың маңыздылығы баса айтылды. Оларға Қазақстан аумағында ғылыми-инновациялық кластерлер мен АТ-парктерінің жұмысына қатысуға жағдай жасалады.

Соңғы жаңалықтар