ҚР ОСК жаңа сенаторларды тіркеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Мемлекет басшысы Жарлықтарымен тағайындалған ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеді. Бұл туралы ҚР ОСК баспасөз қызметі хабарлады.

Депутат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты, Бектас Әбдіханұлы Бекназаровты, Дархан Аманұлы Кәлетаевты тіркеу туралы қаулы қабылданды.

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына сәйкес тіркеуден соң депутаттар қызметіне кіріседі.

Соңғы жаңалықтар