ҚР ОСК Әзербайжандағы сайлауға 49 бақылаушы жібермек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2018 жылғы 11 сәуірде өтетін Әзербайжан Республикасындағы Президент сайлауына Қазақстаннан жіберілетін бақылаушылар тізімін бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметін сілтеме жасап.

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы Әзербайжандағы сайлауға жіберілетін байқаушылар тізімін бекітуге қатысты отырыс өткізіп, онда елімізден 49 өкіл бақылаушылар тізіміне енді.

Олардың ішінде Әзербайжан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шақыртуымен 2 адам сайлауға бақылаушы ретінде қатысады.

ТМД бақылаушылар миссиясынан 35 бақылаушы:
- ҚР Орталық сайлау комиссиясынан - 1;
- ҚР Президенті әкімшілігінен - 2;
- аумақтық сайлау комиссияларынан - 2;
- жергілікті атқарушы органдарынан - 16;
- мәслихаттардан - 6;
- саяси партиялардан - 5;
- БАҚ және коммерциялық ұйымдардан - 3.
Сондай-ақ, бұл құрамға Қазақстанның аймақтарынан 28 өкіл кірді:
- Маңғыстау облысынан - 10 кандидатура;
- Қарағанды облысынан - 3 кандидатура;
- Атырау обласынан және Астанадан 2 кандидатурадан;
- Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласынан - 1 кандидатурадан бар.

Түрік кеңесі бақылаушылар миссиясы құрамына 2 адам және ЕҚЫҰ/ДИАҚБ құрамына Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстваларынан 10 адам енді.

ҚР ОСК-дан сайлауға бақылаушы ретінде барлығы 6 өкіл қатысады. Олардың арасында ҚР ОСК төрағасы Б.М.Имашев пен аппараттың 5 қызметкері бар.

Әзербайжан Республикасындағы президент сайлауына парламент бағыты бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінен 3 өкіл, Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының миссиясы құрамынан (1 адам), ТМД Парламентаралық ассамблеясынан (1 адам), Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің шақыруымен (1 адам) бақылаушы ретінде қатысады.

Атап өтсек, шетелдердің сайлауына қатысатын Қазақстан Республикасынан жіберілетін бақылаушылар тізімі алғаш рет ҚР ОСК-ның қаулысымен бекітілді және бұдан былай бақылаушыларды бекіту процедурасы тұрақты түрде өткізіледі.

null null 

Соңғы жаңалықтар