ҚР МСМ Тілдерді дамыту комитетіне төраға тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бұйрығымен Қуат Борашев Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыс комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz .

Қуат Қахарманұлы 1972 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін журналист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1989 жылы бастаған. 1994-2005 жылдары түрлі медиа саласындағы ұйымдарда жұмыс істеген: «Қазақстан» мемлекеттік телерадио хабар тарату компаниясы, «Қазақстан теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясы, «Райхан-ТВ» телекомпаниясы, «Тараз-ТВ» телеарнасы, «Жамбыл облыстық телерадио компаниясы» ЖАҚ, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті.

2005-2006 жылдары «ҚР Президенті ТРК» КЕАҚ бөлім меңгерушісі болған, ҚР Президентінің баспасөз қызметінде еңбек еткен.

2007-2012 жылдары ҚР Президент әкімшілігінің әлеуметтік-саяси бөлімшесінің бас сарапшысы; ҚР Президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі ретінде қызмет атқарған.

2012 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалған. 2013-2017 жылдары ҚР Мемлекеттік хатшысы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары лауазымын атқарған.

Соңғы жаңалықтар