ҚР мен Сауд Арабиясы арасында сотталған адамдарды беру туралы шарт жасалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Эр-Риядқа ресми сапары аясында Сауд Арабиясы Корольдігімен ұстап беру және сотталған адамдарды беру туралы мемлекетаралық шарттар жасалды.

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры осы құжаттарға қол қою Қазақстан мен Араб елдерінің әріптестігін нығайту, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, екі ел азаматтарының басты құқықтары мен мүдделерін қорғау жолындағы маңызды қадам болып табылатынын атап көрсетті. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.

Олар қол жеткізіліп отырған келісімдер екі елдің құзыретті органдарының ынтымақтастығын нығайтуға және қылмыспен күреске, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

Қазақстан - ТМД елдері арасындағы Сауда Арабиясы осындай шарттар жасасқан алғашқы ел. Бұл Қазақстанның құқықтық жүйесіне араб елдері тарапынан сенімнің артып келе жатқанының куәсі болып отыр.

Сапар барысында Ж.Асановтың Сауд Арабиясының Бас прокуроры Мұхаммед Фахд Әл Әбдуллахпен екіжақты кездесуі өтті, оның барысында терроризммен, трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен, ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстармен күрес, ұстап беру және сотталған адамдарды беру мәселелері талқыланды.

Ведомстволардың басшылары құқықтық салада өзара іс-қимыл жасауды одан әрі кеңейтуге мүдделілік танытты.

Соңғы жаңалықтар