ҚР мен РФ Президенттерінің екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастың 25 жылдығына орай бірлескен мәлімдемесі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына орай бірлескен мәлімдемесінің толық мәтінін жариялайды.

***

  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың

және Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путиннің

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы

арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың

орнағанына 25 жыл толуына орай

бірлескен мәлімдемесі

2017 жылғы 22 қазанда көршілес халықтардың достығы мен екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңінің басталғанын білдіретін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында өкілетті өкілдіктерімен алмасу туралы Хаттамаға қол қойылғанына 25 жыл толды.

Ширек ғасыр ішінде Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастардың берік шарттық-құқықтық базасы құрылды. Олардың іргетасы 1992 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа, 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы XXI ғасырға бағдарланған мәңгілік достық және одақтастық туралы декларацияға, сондай-ақ 2013 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы XXI ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шартқа негізделген.

Халықтарымыздың терең тарихи және рухани байланыстары Қазақстан-Ресей көпқырлы қарым-қатынастарының оң серпінінің кепілі болып табылады. Екі мемлекеттің байырғы ұлттық мүдделеріне сай келетін Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық әріптестігі мен одақтастығы олардың азаматтарының әл-ауқатының ұдайы өсуін, ұлттық экономикалардың орнықты дамуын және бәсекеге қабілеттілігін, бірыңғай экономикалық кеңістіктің барлық артықшылықтарын қолдануды қамтамасыз етеді.

Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының артықшылық сипаты қазіргі өзара байланысты әлемде екі мемлекеттің саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларындағы мүдделерін аса тиімді түрде ілерілетуге, бүкілі еуразиялық кеңістікте өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті, тұрақтылық пен дамуды қамтамасыз етуге бірлесіп үлес қосуда.

Қазақстан мен Ресей арасындағы жоғарғы және биік деңгейдегі сенімді әрі ашық диалог екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі кез келген мәселелердің сындарлы шешілуінің бұлжымас факторы ретінде қалуда. Астана мен Мәскеудің келісілген сыртқы саясатын жүргізуде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы XXI ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шарттың 4-бабы халықаралық және өңірлік проблемалар бойынша ұстанымдары жақындасуының маңызды құралы болып табылады.

Қазақстан және Ресей екі мемлекеттің дамуына, өз азаматтарының  қауіпсіздігі мен игілігін қамтамасыз етуге барынша қолайлы сыртқы жағдайлар қалыптастыру мақсатында өзара іс-қимылды жалғастырады. Екі мемлекет билігінің заң шығаратын органдарының тұрақты байланыстары бұл жұмыстың қомақты бөлігі болып табылады.

Қазақстан мен Ресей БҰҰ және оның тиісті құрылымдары аясында бірінші кезекте БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде, сондай-ақ ТМД, ҰҚШҰ, ШЫҰ және ЕҚЫҰ-да шеңберінде көпжақты форматтағы санқырлы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған практикалық шараларды жандандыруды қолдайды.

Тараптар Қазақстан Республикасының облыстары мен Ресей Федерациясының субъектілері арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық тығыз байланыстарды бағалайды. Екіжақты өзара іс-қимыл мемлекет басшылары қатысуымен Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының жыл сайынғы форумдарымен, сондай-ақ екі елдің іскер топтарының тікелей диалогымен құнарлана түсуде. Екі мемлекеттің экономикаларының нығаюына елеулі үлес қосатын Қазақстан мен Ресейдің шекара маңы өңірлері мен олардың шаруашылық субьектілері арасындағы орнықты байланыстардың маңызы зор.

Қазақстан мен Ресей сауда айналымын ширек ғасырда он еседен астам арттырды. Оның көлемінің үштен екі бөлігінен  астамы өнеркәсіптік өңдеудің жоғары дәрежесі бар өнімдерге тиесілі. Мұнай-газ секторын, атом энергетикасын, ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеуді және пайдалануды, сондай-ақ әртүрлі салаларда ғылымды қажетсінетін жобаларды іске асыруды қамтитын салалық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Осыған байланысты Тараптар біздің қарым-қатынастарымыздың барлық негізгі бағыттарына қызметі ықпал ететін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның нәтижелі жұмысын атап өтеді.

2016 жылғы 4 қазанда Астана қаласында екі мемлекет президенттері бекіткен Қазақстан мен Ресейдің 2016 - 2018 жылдарға арналған бірлескен іс-қимылдар Жоспары аясында «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешені құру жобасы жүзеге асырылуда, ғарыш саласы үшін жоғары білікті мамандар даярлануда. Байқоңыр кешені бойынша арнайы құрылған Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясы тиімді жұмыс жасауда.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың посткеңестік кеңістікте экономикалық интеграцияны тереңдету туралы тарихи бастамасы экономикалық әлеуеттерді біріктіру артықшылығына ортақ сенімімізді қолдаған көптеген мемлекеттермен оң қабылданды. Еуразиялық экономикалық одақты (ЕАЭО) құру бұл үдерістің ең жоғары нүктесі болды. Бүгінгі күні бұл бірлестікке Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғыз және Ресей тең құқылық негізде қатысады. ЕАЭО-ның қалыптасуы жаһандық экономикалық құлдыраудың қиын кезеңіне тұспа-тұс келді. Дегенмен, оның тетіктері Одақтың барлық мүшелері үшін әлемдік дағдарыс құбылыстарының теріс әсерін барынша аз ықтимал залалмен еңсере отырып,  өзін «тұрақтылық зәкір» ретінде көрсете білді.

Қос мемлекет басшылары интеграциялық құралдарды дәйекті қолдану, ЕАЭО-ның әлеуетін толық ашу, үшінші елдермен және интеграциялық бірлестіктермен қарым-қатынастарды құру кезінде оның шеңберіндегі міндеттемелерін сақтау Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың сапалы жаңа деңгейіне өтуіне ықпал ететініне сенімді. Сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі жетілдіру ЕАЭО-ның ортақ нарықтарындағы кедергілердің болмауына, терең ғылыми-техникалық және өндірістік кооперацияға, меншіктің барлық нысандары бойынша шаруашылық субъектілері арасындағы көптеген байланыстарға қызмет етуге арналған.

Тараптар «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында өзара тиімді ынтымақтастықты дамытатын болады, оның ішінде «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық автомобиль магистралының Ақтөбе -Орынбор тоғысу учаскесінің тез арада қосылуын жүргізеді.

Қазақстан мен Ресей ендігі жерде тең құқықтық, өзара сыйластық және бір-бірінің мүдделерін ескеру қағидалары негізінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы форматында көпқырлы ынтымақтастықты нығайту және кеңейту бойынша бірлесе күш-жігер қолданып, Достастықтың халықаралық беделін өсіруге, оның аясында қауіпсіздік, экономикалық, сыртқы саясат, құқық қорғау, мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимыл тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады.

Соңғы жылдары пайда болған сауда қарым-қатынастарын кеңейтуге, трансшекаралық көлік және энергетикалық инфрақұрылымдарды құруға бағытталған ірі халықаралық бастамаларды ескере отырып, Еуропадан Азия-Тынық мұхиты өңіріне дейінгі кеңістікте бәсекеге қабілетті көлік қызметтерін көрсетуге, оңтайлы құқықтық, шаруашылық және ұйымдастыру жағдайларымен келісілген ұстанымдарды қалыптастыру үшін Қазақстан мен Ресей ең жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, өздерінің көліктік-логистикалық желілерін, коммуникация жүйелерін қолдана отырып, бірлескен жобалардың әлеуетін толық іске қосады. 

Тараптар жағалау маңындағы бес мемлекеттің ымыраға қол жеткізуі арқылы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін реттеуді аяқтаудағы жігерін қуаттайды, бұл осы өңірдегі ынтымақтастықты тереңдетудің жаңа кезеңін ашуға мүмкіндік береді. 

Қазақстан мен Ресей білім беру, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты жан-жақты дамытатын болады. Қазақстан мен Ресейдің білім беру және ғылыми ұйымдары арасындағы ауқымды байланыстар мен олардың бірлескен жобалары екі мемлекетті жоғары халықаралық стандарттарға сай жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз етеді.

Тараптар әлеуметтік саладағы, оның ішінде халықтың денсаулығын сақтау саласындағы ынтымақтастықты дәйекті түрде дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Екі мемлекет басшылары өз аумақтарында тұратын аз ұлттар мен этностық топтардың этникалық, тілдік, мәдени және діни өзіндік ерекшелігін қорғауды және сақтауды қамтамасыз етуге, олардың мәдени, әлеуметтік және экономикалық өмірге тиімді қатысуына жағдай жасауға үлкен мән береді.

 Қазақстан мен Ресей халықаралық терроризм және экстремизмге, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстың  әртүрлі нысандарына, қару-жарақ, есірткі заттары мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына, сондай-ақ басқа да сын-тегеуріндер және қатерлерге қарсы күрес мәселелері бойынша бірыңғай ұстанымдарды қолдайды. Тараптар БҰҰ-ның орталық рөлімен берік халықаралық құқық негізіндегі халықаралық терроризмге қарсы ынтымақтастықты нығайту, тәуелсіз мемлекеттердің істеріне араласу мақсатында, терроризм мен экстремизмге қарсы іс-әрекет проблемасын пайдалануға жол бермеу мүдделерінде бірлескен күш жігер қолдануға ниет білдірді.

Екі мемлекет басшылары Сирия Араб Республикасы аумағында  зорлық-зомбылықты айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік бергенАстаналық процесс шеңберіндегі сириялық дағдарысты реттеу жөніндегі халықаралық кездесулердің нәтижелерін жоғары бағалады.

Қазақстан мен Ресей президенттері Ауғанстанда тез арада бейбітшілік мен тұрақтылық орнату Орта Азия мен көрші өңірлердегі қауіпсіздікті сақтау мен нығайтудың маңызды факторы болып табылатындығын бірауыздан қолдады және қажетті жәрдем беруге өздерінің дайын екендігін білдірді. Осыған байланысты Тараптар, соның ішінде Мәскеу форматының консультациялары аясында ауған ұлттық бітімгершілік процесін қолдауға күш салудың үдеуін жалғастыруды жақтап, сондай-ақ «ШЫҰ-Ауғанстан» Байланыс жасау тобының қызметін жандандыруды  құптады.

Екі мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресей халықтары үшін ең алдымен біртұтас мемлекет шеңберіндегі ортақ тарихқа, 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерлік Жеңіске, құрлықтағы соғыстан кейінгі жайластыру жағдайына байланысты өткен кезеңдегі тарихи маңызды оқиғаларды қаралау әрекеттерін үзілді-кесілді қисынсыз деп санайды.

Тараптар өзара сыйластық, достық, теңдік пен ішкі істерге қол сұқпаушылық қағидаттарына қатаң түрде сай келетін стратегиялық әріптестіктің және одақтастықтың барлық нысандарын дәйекті түрде дамытуды жалғастырады.

 

Челябинск, 2017 жылғы 9 қараша

Соңғы жаңалықтар