ҚР Мемлекеттік хатшысы V Баку халықаралық гуманитарлық форумында сөз сөйледі

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова V Баку халықаралық гуманитарлық форумында сөз сөйледі.

«Заманауи өмірде жаһандану процесінен түрлі мәдениеттер мен діндердің қақтығысы көбейіп барады. Ұлтаралық, дінаралық, конфессияаралық диалогтың жоғары мәдениеті тиімді басымдықтарға айналуда», - деді ол.

Сонымен бірге, Әбдіқалықова Қазақстанда жүзден астам этникалық топ пен 18 конфессия өкілдерінің өмір сүріп жатқанын атап өтті. Және тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап, біздің еліміз азаматтардың теңдігі, этникааралық келісім және жалпыұлттық бірлік, тұрақтылық саясатын жүргізіп келеді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Ассамблея - бұл Мемлекет басшысы басқаратын конституциялық орган. Оның міндеті - теңдік, азаматтық, ортақ құндылықтар негізінде Қазақстанның бірыңғай халқын қалыптастыру.

Бұл бірегей қоғамдық және жалпыхалықтық институт елдегі 1338 этномәдени бірлестіктер мен 1993 қоғамдық келісім кеңесін үйлестіреді және Парламент Мәжілісіне 9 депутат сайлайды.

«Біз ортақ азаматтық және патриоттық құндылықтарға негізделген Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеясын жасадық. Бұл - жасампаз қазақстандық патриоттықтың негізі», - деп атап өтті Мемлекет хатшысы.

«Тұрақты даму, тұрақты экономикалық өсу - бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызды факторлардың бірі болып табылады», - деп толықтырды Г.Әбдіқалықова.

Сонымен бірге, Мемлекеттік хатшы бұл форумның қоғамның қайда бет алғанын көрсететін әлемдік деңгейдегі алаң екенін айтты. Мұнда жүзжылдықтың жаһандық мәселелеріне жауап ізделетінін жеткізді.

null 

Соңғы жаңалықтар