ҚР Мемлекеттік хатшысы V Баку халықаралық гуманитарлық форумына қатысады

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбіхалықова 29-30 қыркүйек күндері өтетін V Баку халықаралық гуманитарлық форумына қатысу үшін Баку қаласына барады, деп хабарлады Әзербайжандағы ҚР Елшілігі.

Жоспар бойынша, ол форумның пленарлық отырысында сөз сөйлейді және дөңгелек үстелдерге қатысады.

Сонымен бірге, 30 қыркүйек күні Мемлекеттік хатшы мен Г.Алиев атындағы «Қазақстан-Әзербайжан» достық қоғамы активімен және мүшелерінің кездесуі өтеді. Бұл шара ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады. Онда екі елдің мәдениет, өнер және білім саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

Кездесуге ӘР Милли Меджлис (парламент) депутаттары - «Қазақстан-Әзербайжан» парламентаралық достық тобының мүшелері, Әзербайжанның қоғам қайраткерлері, Бакуде аккредиттелген қазақстандық компаниялардың өкілдері және Әзірбайжанда оқып жатқан қазақстандық студенттер қатысады. 

Соңғы жаңалықтар