Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -25 °С
Алматы: -7 °С
USD 319.42 EUR 400.04
RUB 5.66 CNY 50.35
Жаңалықтар

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі тағайындалды

2017 жылғы 15 қараша 14:02 1463
Поделиться:
ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  ҚР Үкіметінің қаулысымен Қожағапанов Ерлан Тоқтарханұлы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Ерлан Қожағапанов 1968 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

1992 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1999 жылы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдады. 2006 жылы РФ Мемлекеттік кеден комитетінің Кеден академиясын экономист, қаржыгер, заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1987 жылы бастады. 1990-1994 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысқан. 1994-2007 жылдар аралығында мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда жұмыс істеген.

2007-2013 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2013-2016 жылдары ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы, ҚР Футбол федерациясының президенті болды.

2016 жылдың желтоқсанынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарып келді.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Күнсұлтан Отарбай

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Мұрағат