ҚР Қорғаныс министрі Бас штаб бастығының жаңа орынбасарын таныстырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Әділбек Алдабергеновті таныстырды.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, генерал-майор Әділбек Алдабергенов ҚР Қарулы Күштерінің құрылуы мен дамуына қомақты үлес қоса отырып, лейтенант шенінен бастап генерал атағына дейін әскери қызметтің барлық сатысынан өткен.

Ол Рязань жоғары әуе-десанттық командалық училищесі мен М.В. Фрунзе атындағы әскери академияның түлегі.

Әділбек Алдабергенов бірқатар арнайы мақсаттағы жасақ командирі, Германиядағы кеңес әскерлерінің арнайы мақсаттағы жасағының командирі, штаб бастығы, 21208 әскери бөлімі арнайы мақсаттағы жасақ командирінің орынбасары, жекелеген гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасы парашюттік-десанттық батальонының командирі, 14776 ә/б командирі, ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы, Бас қолбасшының бірінші орынбасары - ҚР ҚК Құрлық әскерлері БҚБ бас штабының бастығы секілді қызметтерді атқарды.

1985 жылдың сәуірі мен 1986 жылдың тамызы аралығында ДРА-дағы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты. Өзінің батылдығы мен қайсарлығы, жауынгерлік іс-қимылдарда бөлімшесіне білікті басшылық еткені үшін Қызыл жұлдыз орденімен марапатталды. Одан басқа, генерал-майор Әділбек Алдабергенов 2-дәрежелі «Айбын», 2-дәрежелі «Даңқ» орденімен және 14 медальмен марапатталған.

 

Соңғы жаңалықтар