ҚР Қарулы Күштерінің өкілдері АҚШ Қарулы Күштерінің әскери базаларына барды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің инженер әскерлерінің бір топ офицері АҚШ Қарулы Күштерінің инженер мамандар даярлайтын екі оқу орталығына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстандық офицерлер делегациясының АҚШ Вирджиния штатындағы Форт Ли және Форт Эп-Хилл оқу орталықтарына барудағы мақсаты инженерлік даярлық және минадан тазарту, сондай-ақ тактикалық звено мамандарын даярлау мәселелері бойынша ақпарат алмасу болды.

Екіжақты брифингте №65476 әскери бөлімше минадан тазарту орталығының базасында америкалық мамандардың қатысуымен минадан тазарту және жарылу қаупі жоғары заттарды жою саласында инструкторларды даярлау курстарын өткізу мүмкіндіктері талқыланды.

Сапар барысында ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері АҚШ Қарулы Күштері инженерлік бөлімшелерінің оқу бағдарламасы және материалдық-техникалық базасымен танысты, сондай-ақ оларға сапер роботтардың жұмысы көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар