ҚР ҚАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне жаңа басшы келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Дмитрий Васильевич Голобурда ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылып, министр бұйрығымен ҚР ҚАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.

Дмитрий Голобурда 1973 жылы Алматыда дүниеге келген. 1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1995 жылы бастаған.

1995 жылдан бастап 2009 жылға дейін ҚР ӘМ Заң шығару ғылыми-зерттеу институтында, сондай-ақ үкіметтік байланысты қамтамасыз ету жүйесінде жұмыс істеген. 2009-2012 жылдар аралығында «Телекоммуникация саласында техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» РМК директорының бірінші орынбасары лауазымын атқарған.

2012-2014 жылдар аралығында ҚР ҰҚК Арнайы ақпараттық қызметі директорының бірінші орынбасары лауазымын болған. 2014 жылдың сәуірінен бастап тамыз айына дейін - ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының орынбасары.

2014-2016 жылдар аралығында - ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.

2016 жылдың қараша айынан қазіргі таңға дейін ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметін атқарған. 

Соңғы жаңалықтар