ҚР ІІМ жүргізуші куәлігін жоғалтқандарға кеңес берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті жүргізуші куәлігін жоғалтып алғанда немесе ол ұрланса көлік иелері қандай қадамдар жасау керектігі туралы кеңестерін берді, жеп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайындағы мәліметтерді ведомство Фейсбуктегі аккаунтында жарияланды.

Бірінші кезекте ІІМ өкілдері жүргізуші куәлігін (ЖК) ұрланса, ұрлық туралы өтінішпен полицияға жүгіну керектігін, онда тиісті анықтама берілетіндігін хабарлап отыр. Бұл өз кезегінде куәлікті қалпына келтіру үшін қажет болады.

«Мысал ретінде айтатын болсақ, жеке куәліктер жиі ұрланады, себебі біз барлық құжаттарымызды бір әмиянға салып жүреміз (бұлай істеуге мүлдем болмайды!). Ең алдымен, жеке куәлігіңізді қайта жасату керек, өйткені ол құжатсыз сіз жүргізуші куәлігін ала алмайсыз. Егер тек жүргізушілік құжатты ғана жоғалтып алсаңыз, мұндай анықтама қажет емес»,-делінген хабарламада.

Сонымен, ЖК-ні қалпына келтіру үшін мамандандырылған ХҚКО-ға немесе әкімшілік полицияның емтихан-тіркеу бөліміне жүгіну керек.

Жоғалу себебіне байланысты ЖК алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1) ЖК алуға толтырылған бланк (өтініш) ‒ Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында (МХҚКО) ол қажет емес, өйткені оны МХҚКО қызметкері автоматты түрде толтырады;

2) жеке басты куәландыратын құжат;

3) мекенжай анықтамасы ‒ МХҚКО-да ол да қажет емес, өйткені сұрау салу автоматты түрде өңделеді;

4) медициналық анықтама және оның көшірмесі (Астананың МХҚКО-да медкомиссияны сол жерде өтуге болады);

5) мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат (түбіртек, қазіргі уақытта ЖК беру үшін төленетін мемлекеттік баж сомасы 2836 теңгені құрайды).

Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар үшін Қазақстан Республикасы СІМ-нің дипломаттық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйымының жолдамасы қосымша болу керек.

«Құжаттарды тапсырғаннан кейін, сізге уақытша ЖК беріледі, ол берілген күнінен бастап бір ай ішінде жарамды болады. Бұл ретте (егер сұрау салулар жіберу немесе оларға жауаптар алу, жүргізуші куәлігін жоғалтып алумен байланысты барлық жекелеген мән-жайларды анықтау үшін қосымша уақыт қажет болса) оны қосымша тағы бір рет отыз тәулікке ұзартуға болады, оны Тіркеу-емтихан қабылдау бөлімі (ТЕБ) бастығы жүргізеді»,-дейді комитет мамандары.

Көрсетілген мерзім аяқталған соң, жаңа жүргізуші куәлігі беріледі, оған «Жоғалғанның орнына» деген белгі жасалады.

Жоғалған, ұрланған, сондай-ақ жарамсыз болып қалған куәліктің орнына басқа ЖК алу кезінде емтихан тапсырылмайтынын есте сақтау керек! Бұл жоғалған ЖК-ның қолданылу мерзімі өтпеген жағдайға қатысты. Егер жоғалтқан ЖК-ның қолданылу мерзімі өтіп кетсе, онда Жол қозғалысы ережесі бойынша емтихан тапсыру арқылы біліктілікті растау керек болады. Сонымен қатар уақытша ЖК жоғалған кезде жаңа ЖК теориялық және тәжірибелік емтихандар тапсырусыз беріледі.

Мұнымен қоса, ЖК шет мемлекеттердің жоғалған жүргізуші куәліктерінің орнына берілмейді.

Кейіннен табылған ЖК жаңа жүргізуші куәлігі берілген сәттен бастап өзінің заңдық күшін жоғалтады және олар жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға белгілеген тәртіппен жою үшін міндетті түрде ТЕБ-ке тапсыруға жатады. 

Соңғы жаңалықтар