ҚР ІІМ үздік шығармашылық жұмыстарға байқау жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігі қазақстандық полиция туралы үздік шығармашылық жұмыстарға байқау жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ішкі істер министрлігі ішкі істер органдарының 25 жылдығын мерекелеу аясында қазақстандық полиция туралы «Үздік проморолик», «Үздік фотоконтент» және «Үздік PR-мақала» аталымдарында үздік шығармашылық жұмысқа байқау жариялайды. Байқаудың басты мақсаты жастарды патриоттық тәрбиелеу, полицей кәсібіне қатысты оң көзқарасты жоғарылату, шығармашылық жұмыстар арқылы полиция қызметкерлерінің жұмыстағы қызықты тұстарын, қызметтер дәстүрін ашу, қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлер мен әскери қызметшілерді мәңгі есте сақтау», - деп жазды ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында.

Оның айтуынша, байқаудың жеңімпазын интернет қолданушылар өздері анықтайтын болады. Ұтысты орындар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларындағы дауыс берулер негізінде анықталады. Жеңімпаздарға дипломдар мен құнды сыйлықтар табыс етіледі.

Байқау 2017 жылғы 1-31 мамыр аралығында өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар