ҚР ІІМ: Таныс емес адамдардан ұсталынған телефонды сатып алуға болмайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ таныс емес адамдардан ұсталынған телефонды сатып алуға болмайды деп ескертуде. Ұрланған телефон сатылуы мүмкін, оны полиция қызметкерлері ерте ме, кеш пе анықтап, заңға сәйкес иесіне қайтарады, дейді ведомстводан.

«Бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысының басым бөлігін (20 %-дан астам) ұялы телефондардың ұрлануына байланысты қылмыстар құрайды. Бұған, әрине, ұялы телефондардың халық арасында кең қолданылуы және оны жылдам сатуға мүмкіндік барына да себеп болып отыр. 

Ағымдағы жылы ұялы телефондардың ұрлығына қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ІІМ Криминалдық полиция департаменті ұялы байланыс операторларымен ұрланған ұялы абоненттік құрылғыларды бұғаттау туралы меморандум жасады.  

 Ұялы байланыс компаниясына ұялы телефондарды бұғаттау туралы 7 мың қаулы жіберілді, 5 мың телефонға бұғат қойылды. Осы шараны уақтылы қабылдау осындай қылмыстардың алдын алуда пәрменді шаралардың бірі болып табылады. 

 Таныс емес адамдардан ұсталынған телефонды сатып алуға болмайды (сондай-ақ ломбардтарда, базарда, басқа да мамандандырылған емес сауда нүктелерінде), онда ұрланған телефон сатылуы мүмкін,  оны полиция қызметкерлері ерте ме, кеш пе анықтап,  заңға сәйкес  иесіне қайтарады.

Мобильді телефон ұрланған жағдайда жәбірленуші көп кешіктірмей қылмыс жасалған орын бойынша немесе жақын орналасқан полиция бөлімесіне арыз жазу қажет. Арызда қылмыстың болу жағдайын куәлердің қатысуымен олардың анкеталық мәліметтерімен жазу қажет, жоғалған телефонға сипаттамалық белгілерін жазу.Сондай-ақ телефонды иеленуді растайтын құжаттарды арызға қоса ұсыну қажет.  

 Сонымен қатар осы санаттағы қылмыстардың алдын алу үшін ұсынымдарға да назар аударған жөн.  Телефонмен сөйлесіп тұрғанда жан-жағыңызға назар салып тұрыңыз. Телефонды тартып алғысы келген адам, ол әрекетін жүзеге асырмайды, себебі әлеуетті құрбанның жан-жағын бақылап тұрғанын байқайды. Өз мүлкіңізге жайбарақат қарамаңыз, ашық жерге қараусыз тастап кетпеңіз. Телефоныңызды ешқандай себептерге қарамастан, бөтен адамдардың қолына пайдалануға бермеңіз», - деп жазылған хабарламада.

Соңғы жаңалықтар