ҚР ІІМ Батырхан Шүкеновтің жеке куәлігінің сатылуына қатысты пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев Интернетте марқұм әнші Батырхан Шүкеновтің жеке куәлігінің сатылымға шығаруына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Заңнамаға сәйкес жарамсыз құжаттар, жаңаға ауыстырылған жеке басты куәландыратын куәлік міндетті түрде алынып, жойылуы тиіс. Мәліметтер базасында Б.Шүкеновтің құжаты жойылғандығы туралы мәлімет жоқ. Дегенмен, оның құжаты ауыстырылған сәтте халықты құжаттандыру және тіркеу қызметі әділет органдарының құзіретінде болған еді. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің   371 «Салақтық» бабы бойынша жарамсыз құжаттарды жою бөлігіндегі ережелерді бөлу мәселесі бойынша әділет органдарының іс-әрекетіне құқықтық баға беру үшін тіркелген. Тергеуге жататын материал ҚР Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қалалық департаментіне жіберілді», - деді Алмас Садубаев.

Соңғы жаңалықтар