ҚР ІІМ басшысының орынбасары СҚО-ның көктемгі су тасқынына дайындығын тексерді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат -  Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин өңірдің көктемгі су тасқынына дайындық барысын бағалады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

СҚО әкімі Құмар Ақсақаловпен бірге Юрий Ильин облыс аумағын тікұшақпен айналып шығып, Сергеев, Петропавл су қоймаларының жұмысымен танысты.

 

Юрий Ильин қар жамылғысы біртіндеп жіпсіп жатқанын атап өтті. Оның ақпаратына сәйкес, жағдай ушыққан жағдайда СҚО-ға көмекке басқа өңірлерден ІІМ-нің күштері мен құралдары жіберіледі. Юрий Ильин негізгі міндет - халықты ықтимал қауіп туралы уақытылы хабардар етіп, су басуы мүмкін аймақтан халықты ертерек көшіру екенін айтты. 

«Петропавлдың гидротехникалық құрылысы дайын тұр. Сергеев су қоймасын қарадық,  қор бар, су тасымаған. Мұз құрсауы тұрақты жағдайда. Қардың қарқынды еруі байқалмайды. Судың келуі баяу. Елді мекендерден қарды тазалау жұмыстарын жалғастыруға тапсырма берілді», - деп атап өтті ҚР ІІМ министрінің орынбасары.

 

Юрий Ильин республика аумағындағы ахуалды айта келе, ШҚО аумағында, Алматы облысында, ішінара Жамбыл облысы мен Алматы қаласында     алаңдатарлық жағдай бар екенін атап өтті. Алматы өңірінің аумағында  таулы жерлерде қар көп.

СҚО-да көктемгі су тасқыны наурыз соңында - сәуірдің басында күтілуде. 

Соңғы жаңалықтар