ҚР ІІМ Ақтөбеде көз жұмғандарды анықтауға қатысты көмек сұрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігі автобус өртінен қаза болғандардың есімдерін анықтауға қатысты көмек сұрады, деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Самара-Шымкент тасжолының Ақтөбе облысы аумағында автобус өртеніп, 52 адам қаза болды. Өзбекстанның Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі Қазақстанның Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы аумағында қаза болған өзбекстандықтардың алдын ала тізімін жариялады. Жалпы осы тізімде қаза болған 29 адамның есімдері анықталған. 

Олардың барлығы Өзбекстанның Наманган облысы тұрғындары.

«Қазаға ұшырағандардың мәйіттерін анықтауға байланысты қиындықтардың туындауын ескере отырып,  2018 жылдың 12-13 қаңтарында Қазақстан арқылы РФ-тің Қазан қаласына бағыт алған Өзбекстан азаматтары жайында тиісті ақпарат болса ҚР Ішкі істер министрлігіне немесе Өзбекстанның ТЖМ-іне хабарлауды сұраймыз», - деді ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев.

Сондай-ақ, ақпаратта сапарға шыққандардың ұялы телефонының нөмірін, сонымен қатар кез келген қосымша деректерді атап көрсету сұралып отыр. Бұл ретте қаза болғандардың ерекше белгілері, төлқұжат нөмірі мен оның көшірмесі, фотосуреттері және басқа да мәліметтеріне сұрау салынды. 

Соңғы жаңалықтар