ҚР ИДМ Сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ален Дәулетов Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР ИДМ туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғалиев өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

«Ален Дәулетовты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры болып тағайындалуымен құттықтаймын. Құтты болсын!», - деп жазды Иғалиев.

Ален Дәулетов 1985 жылы 12 сәуірде дүниеге келген. 2008 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген. 2010 жылдың ақпан айынан бері ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде жұмыс істейді. Соңғы лауазымы - сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар