ҚР ИДМ комиссиясы Ми-2 тікұшағының апатқа ұшырау себебін айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаменті бірнеше авиациялық оқиғаларға қатысты тексеру аяқталғанын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментінің мәліметінше, 30 тамызда шамамен сағат 11.40-та Шығыс Қазақстан облысы Шемонайха ауданы Зевакино ауылының маңында жеке кәсіпкерге тиесілі «Форсаж-СУ» мотодельталеті құлады. Мотодельталеттің ұшқышы (иесі) жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

Бұл апатты тексеру үшін ҚР Инвестициялар және даму министрінің бұйрығына сәйкес тексеру комиссия құрылды. Тексеру нәтижелері бойынша, ұшқышта теориялық және практикалық тәжірибе болмағаны анықталды.

Сонымен қатар, 22 қыркүйекте Ақмола облысы Ақкөл қаласында орман-авиациялық жұмыстарын атқарып, қонуға бет алған кезде «Тянь-Шань» авиакомпаниясының Ми-2 тікұшағы құлап, қирады.

Бұл оқиғаны тексеру үшін тексеру комиссия құрылды. Тексеру нәтижелері бойынша, тікұшақ түнде төбешікке соғылған . Бұл оқиға әуе кемесі командирінің қателігінен орын алған.

«Оқиғаға ықпал еткен бірнеше фактор анықталды. Құбылмалы ауа-райы кезінде қатты желдің тікұшаққа әсер еткен,  ұшатын жерде жарық болмаған, түтінге байланысты көру мүмкіндігі нашар болған, Ақкөл қону алаңында барометрлік қысым туралы нақты дерек болмаған», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар