ҚР ИДМ: Қазақстандағы ең ірі үш автомобиль жолы жыл соңына дейін ақылы болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы ең ірі үш автомобиль жолы ағымдағы жылдың соңына дейін ақылы болмақ. Бұл жөнінде «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Сайранбек Бармақов хабарлайды.

«Осы жылы біз «Астана-Теміртау», «Алматы-Қапшағай» және «Алматы-Қорғас» автомобиль жолдарын ақылы етеміз. Ал қалған 5 мың шақырым бойынша біз жоба-сметалық құжаттар әзірлеудеміз және оларды қараша айында аяқтаймыз. Келер жылы осы бағыттағы жұмыстар қолға алына бастайды. Келесі жылы 5 мың км жолды ақылы етуіміз керек» -, деді министрлік өкілі «ҚазАҚпарат» ХАА тілшісіне.
null

С.Бармақовтың айтуынша, аталған жолдардың ақылы ету жүйесі «Астана-Щучинск» трассасы бойындағыдай гибридті болады.

«Баға арнайы алқа отырысының шешімі негізінде нақтыланады. Бізде бұл мәселе бойынша тиісті шешім қабылдайтын арнайы комиссия бар. Әзірге 1 км жолдың құны 1 теңге. Әзірге өзгеріс жоқ. Ақылы жолдан түсетін пайда жолды күтіп, ұстауға жұмсалады. Жолды жөндеп, күтуге біз бюджеттен бір тиын да бөлмейміз»,-деді комитет төрағасының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар