ҚР ИДМ ЭКСПО-2017 үздік жобаларын таңдайды

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрлігі басшылығы үздік жобаларды таңдау үшін ЭКСПО-2017 павильондарын аралады. 

Бұл туралы ҚР ИДМ ресми өкілі Мұрат Жұбанбай Фейсбуктегі өзінің парақшасында жазды.

«ҚР ИДМ 8 комитетінің және екі салалық департаментінің басшылары күні бойы өз бағыттарындағы әлемдік үздік  тәжірибелермен танысты. Көрмедегі үздік жобалар арнайы комиссияға ұсынылуы үшін Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекке тапсырылатын болады»,- деп жазды Мұрат Жұманбай.  

Ол 12 ұлттық павильонға қойылған 32 жобаның алдын ала таңдалып алынғанын хабарлады. 

Соңғы жаңалықтар