ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі ақтөбеліктермен кездеспек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы 20-21 қазанда Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.

Жұмыс сапары шеңберінде министрдің облыс басшылығымен кездесуі жоспарланған.

Министрдің сонымен қатар өңірдегі діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар өкілдерімен кездесуі өтеді деп күтілуде.   

Соңғы жаңалықтар