ҚР-да балықты электр тогымен жарақаттайтын қармақтардың сатылымына тыйым салынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облыстық мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасының талабы бойынша, Интернетте Қазақстанда тыйым салынған электрлі қармақтарды сатып алу ұсынылатын сайттар бұғатталды.

«Атырау облыстық мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасының арызы бойынша, №2-қалалық соты avito.kz, temirtau.kar.diego.kz, market.kz  Интернет-сайттарында сатылатын өнімді заңсыз деп тану шешімін шығарды. Бұл - суға электр қуатын жіберу арқылы балық аулауға арналған құрылғы. Мұндай «электрлі қармақтардың» сатылымына Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынды», - деп хабарлады прокуратурадан. 

Соңғы жаңалықтар