ҚР БҒМ вице-министрі: Қазақстандық ғалымдардың бір кемшілігі - ағылшын тілін білмеуі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ вице-министрі Асланбек Амрин ғылым саласындағы халықаралық гранттардың барлығы ағылшын тілінде жарияланатындықтан, ғалымдарға сол тілді меңгеру маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Ғылым саласындағы әлемдік трендтерге  ілесу үшін БҒМ бірқатар жұмыстарды қолға алды. Осы тұрғыда министрліктің жасаған жұмыстарын атап өтейін. Біріншіден, 2017 жылдың басында бюрократияны қысқартып, ғылыми-зерттеу статистика есептерінің 60 процентін қабылдамайтын болдық. Біз барынша ашықтықты қолдаймыз. Үкіметтің Қаулысымен ұлттық ғылыми кеңестің барлық отырыстары арнайы жарақтандырылған, бейнежазба орнатылған кабинеттерде өтетін болды. Жаңа гранттарды бөлу жұмысының барлығы видеобақылау арқылы өтеді», - дейді ол.

Вице-министр БҒМ халықаралық дәрежеде қазақстандық ғалымдардың мүддесін қорғау құқығына қол жеткізгенін атап өтті.

«Халықаралық ғылыми-техникалық орталық қазақстандық 4 жобаны қаржыландыратын болды. Демек, біздің ғалымдар халықаралық гранттарға таласуға құқық алды. Бұл негізгі нәтиже. Бізде тек бір ғана мәселе бар. Біз ағылшын тілін білмейміз. Өйткені, барлық халықаралық гранттар ағылшын тілінде сарапқа салынады. Бұл тек БҒМ-ның ғана емес, ғалымдардың өзекті мәселесі деген ойдамын», - дейді Асланбек Амрин.

Оның айтуынша, БҒМ қазақстандық ғалымдардың барлық өтінімдерінің автоматтандырылуын қамтамасыз еткен. Демек, ғалымдар қазіргі таңда онлайн түрде өтінім беріп, туындаған қандай да бір сұрақтарды Ғылым қоры түсіндіріп береді. 

Соңғы жаңалықтар