ҚР БҒМ түлектер кешіне қаржы жинау мәселесіне түсінік берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі елорда мектептерінде түлектер кешін өткізуге, мұғалімдерге сыйлыққа, дастархан жаюға ақша жинау туралы қауесетке түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Жалпы орта білім алғаны жөніндегі аттестаттарды салтанатты табыстау рәсімі болатын түлектер кеші мектепте өтуі тиіс. Министрлік түлектерге арналған барлық шараларды мектеп қабырғасында ұйымдастыру керектігіне кеңес береді. Барша мектептерге түлектер кешін өткізу бойынша ұсыныстар жасалды. Астана қаласы Білім басқармасының мәліметінше, қала мектептерінде ақша жинау шаралары жүріп жатқан жоқ»,-деді Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР БҒМ баспасөз хатшысы Арман Жүнісов.

Осы орайда ол 2016-2017 оқу жылының басында еліміздің барлық мектептері үшін ақша жинауға тыйым салынатындығы туралы бұйрық шығарылды. Аталған бұйрықты барлық мұғалімдер мен мектеп басшылығы орындауы тиіс. Оны бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілік шаралары ескерілген.

Соңғы жаңалықтар