ҚР Бас Прокуроры халықаралық экономикалық форум жұмысына қатысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Жақып Асанов 21-ші Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас Прокурор «Доверять нельзя проверять. Смещение акцентов контрольно-надзорной деятельности» атты сессияда сөз сөйлеу барысында қазақстандық тәжірибемен бөлісті. Осы саладағы қазақстандық қадағалаушы ведомствоның басымдығын, тексеруші мен тексерілетіннің арасындағы навигацияның анықтығы, қылмыстық процесті цифрландыру жөнінде атап өтті.

 «Форум алаңында Жақып Асанов Ресей Федерациясы Бас Прокуроры Юрий Чайкамен, Израиль Мемлекеттік прокуроры Шай Ницанмен, РФ Президенті жанындағы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі Уәкіл Борис Титовпен екіжақты құқықтық ынтымақтастық пен оны одан әрі күшейтудің жолдары жөнінде келіссөздер жүргізді», - делінген баспасөз баянында.

Соңғы жаңалықтар