ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы лауазымына Арман Өтеғұлов тағайындалды, деп жазады primeminister.kz.

Арман Өтеғұлов 1964 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1989 жылы Саратов мемлекеттік зоотехникалық-ветеринарлық институтын «Мал дәрігері» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-техникалық университетін «Экономика бакалавры» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1982 жылы бастаған.

1989-1996 жылдары БҚО Фурманов ауданы Ақкөл кеңшарының аға, бас мал дәрігері болып жұмыс істеген. 1996-1998 жылдары - БҚО Қазталов ауданы «Талдыапан» өндірістік кооперативінің директоры.

1998-2002 жылдары Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданы әкімінің орынбасары, 2002-2010 - Қаратөбе ауданының әкімі, 2010-2013 жылдары - Теректі ауданының әкімі. 2013-2014 жылдары - БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.

Соңғы жаңалықтар