ҚР АШМ басшысы: Мен тұқым мәселесін бірінші орынға қоямын

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев АШМ ғимаратында өткен кеңейтілген алқа отырысында тұқым мәселесін ретке келтіруді негізге алатынын мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бізге еңбек өнімділігі талабын қойып жатыр. Өсімдік шаруашылығында еңбек өнімділігі үшін не керектігін аңғару үшін үлкен аграршы болудың қажеті шамалы. Ең біріншіден, тұқым керек. Тұқым мәселесі аса өзекті. Бізде өкінішке қарай, статистикаға сәйкес, тұқымның 18-20 пайызы тауарлы репродукция екенін көріп отырмыз. Бірақ, шаруашылықтарда жүргізілген сауалнама мен талдау бұл көрсеткіштің 50 пайыздан асатынынан хабар береді. Неге осылай екенін түсіне алмаймын», - дейді министр.

Шөкеевтің пайымынша, фермерлердің өзі сұрыпталған тұқымды егуі керек.

«Құрылғылар ескі. Ескі әдіспен жұмыс жүргізіліп жатыр. Қолдарынан келетіні министрлікке келіп субсидия сұрау. Олай болмайды! Әлемде ешкім олай жұмыс істемейді. Біз бәріміз олардың бәрін өзін-өзі реттейтін ұйым ретінде құруымыз керек», - дейді ол.

Өмірзақ Шөкеев шаруашылықтарды емес, тұқымдарды сатып алатындарды субсидиялау керектігін мәселе етіп көтерді.

«Тұқымның қолданатын адамдарға берілгені дұрыс. Импортты, нарықты ашуымыз керек. Бәсекелестікке жол берген абзал. Тұқымды алу оңай емес. Бірақ, тұқымсыз өнімділікті қалай арттыруға болады?! Тауарлы тұқымды қолданатын компания немесе фермер мүлде басқа субсидияларға қол жеткізе алмайтындай субсидия жүйесін әзірлеуіміз керек. Тұқымды мен бірінші орынға шығарамын. Біз тұқым мәселесін ретке келтіруге тиіспіз», - деп түйді сөзін Өмірзақ Шөкеев.

Соңғы жаңалықтар