ҚР АШМ астық тұқымдарын субсидиялау саясатын өзгертпек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі астық сапасын жақсарту үшін 2018 жылдан бастап тұқымдарының кейбір сұрыптарын субсидиялауды доғармақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз алдағы жылдан бастап тұқым шаруашылығында ережелерді өзгертпекпіз. Бүгінде бізде он жылдан астам уақыт бұрын өндірілген сұрыптар егіліп жүр. Алдағы жылдан бастап шектеу енгізбекпіз, яғни тұқым 10 жылдан астам уақыт бұрын аудандастырылса, оларға субсидия қарастырылмайды. Тиімділігі жоғары тұқымға ғана субсидиялаумен қамтылады», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов Мәжілісте «Халық коммунистері» фракциясының кеңейтілген отырысында.

Оның атап өтуінше, бүгінде қазақстандық астықтың сапасын арттыруға назар аудару керек болып  тұр. Осыған байланысты биыл ҚР АШМ элиталық тұқымды сатып алуды субсидиялауға кірісті.

«Бүгінде бізде 21 млн 800 мың тонна астық бастырылды. Сапасында айырмашылық бар. Егер де өткен жылды үшінші санаттағы сапамен 44 пайыз деңгейінде аяқтасақ, ал бүгінде элеваторлар мен астық қабылдайтын кәсіпорындарға түскен астықтың 63,5 пайызы үшінші санатқа кіріп отыр. Бұған не ықпал етті? Әрине, бірінші кезекте климаттық жағдайлардың әсері бар. Екіншіден, элиталы тұқым мен тыңайтқыштарды алу бойынша биылдан тәртіптің өзгеруі де өз ықпалын тигізді», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар