ҚР Антропологтары мен этнологтарының қауымдастығы құрылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ҚР Мемлекеттік орталық музейінде «Арғынбаев оқулары. Қазіргі заман этнография ғылымы және оның қоғамдық жаңғырудағы рөлі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осымен шінші рет өткізіліп отырған ауқымды шарада Қазақстан Республикасы Антропологтары мен этнологтарының қауымдастығы құрылды.

Қауымдастық төрағасы болып тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ археология және этнография, музеология кафедрасының меңгерушісі Аманжол Қалыш тағайындалды.

«Бұл қауымдастықтың құрылуы 15 жылдан бері көкейде жүрген ойдың орындалуы десек болады. Қазақстандағы этнолог ғалымдар әрқайсысы әр салада жүр. Әр буынның арасында байланыс жоқ. Шашырап жүрген этнографтарды бір ортаға жинау керек. Бұрын біз жас буын болсақ, қазір аға буынбыз. Біз өз білімімізді, тәжірибемізді жас буынға жеткізуіміз керек.  Осы мақсатқа жете алмай кеткен, өмірден өткен көптеген ғалымдарымыз болды. Оның ішінде Халел Арғынбаев та бар. Алдыңғы буынның көпшілікке жарияланбаған еңбектері де бар. Баяндама, кітаптар жазу керек. Осы орайда, этнологтардың ғылыми журналын шығару қажеттілігі туып отыр. Осы жұмыстармен енді қауымдастық айналысатын болады», - деді Аманжол Қалыш.

null 

Шараға алыс-жақын шетелден этнограф ғалымдар, тарихшылар, жас ғалымдар қатысып, қазіргі этнология ғылымының жай-күйі туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, атақты ғалым, профессор Халел Арғынбаевтың ғылыми мұрасы туралы айтылды.

null 

Профессор Халел Арғынбаевтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музей қорында сақталған жеке заттары мен құжаттарының көрмесі өткізілді.

null null null null null null null null null null null null 

Атап айтқанда, келушілер Халел Арғынбаевтың шапаны, ХІХ ғасырдың соңындағы қазақ халқының тұрмыстық заттары - сеңсең тон, тең қап, тоқыма, жүнжіптер, күмістен жасалған ер, қоржын, теріден жасалған шелек (көнек), жержастық сияқты көне бүұйымдарды тамашалады.

Конференция барысында ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директоры Нұрсан Әлімбайдың «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. 5 томдық энциклопедиясының тұсауы кесілді.

Соңғы жаңалықтар