ҚР Ақпарат министрлігі WannaCry вирусынан қорғану бойынша ұсыныстарды жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі WannaCry вирусының кибершабуылы туралы хабарламаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Әзірге мемлекеттік мекемелерде вирустан зардап шеккендер тіркелгені жайлы ақпарат жоқ. Компьютерлік оқиғаларға жауап қайтару қызметі Интернетке қолжетімділіктің бірыңғай шлюзымен қорғалған Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының ақпараттық жүйелеріне шабуыл жасау әрекетін тіркеді. 13 мамыр мен 16 мамыр аралығында бұл Қызметке түрлі ұйымдардағы жүзден астам компьютерлердің WannaCry вирусын жұқтырғаны туралы хабар келіп түсті. Сондай-ақ, вирус жұққаны туралы келіп түскен бірнеше хабарламаны тексеру барысында, олардың жалған екені анықталды», - делінген министрліктің баспасөз қызметі жіберген хабарламада.

Әзірге WannaCry вирусынан зардап шеккен файлдарды қайта шифрлеу тәсілдері жоқ, деп атап өтті министрлік. Жалғыз жолы - пайдаланушы компьютеріне вирустың жұғуына жол бермеу. Дәл осы мақсаттарда 2017 жылдың 13 мамырында Компьютерлік оқиғаларға жауап қайтару қызметі WannaCry шифрлаушы вирусының компьютерге жұғуының алдын алу бойынша ұсыныстарды әзірледі, аталған ұсыныстар kz-cert.kz сайтында және қызметтің әлеуметтік желілерінде жарияланды. Сондай-ақ, миинстрлік бұл ұсыныстарды барлық мемлекеттік және жергілікті атқару органдарына жіберді.

Сонымен бірге, министрлік испандық CCN-CERT компьютерлік оқиғаларға жауап қайтару қызметінің зиянды бағдарламалық қаптаманың таралуын тоқтататын бағдарламалар жасап жатқанын хабарлады.

Бұл құрал компьютерде WannaCry зиянды кодының қазіргі нұсқасының таралуына жол бермейтін өзара жою алгоритмін құрады және бұл құралдың вирустан зардап шеккен компьютерлерді тазалауға арналмағанын атап өткен жөн.

 «CCN-CERT компьютерді әрбір қосқан сайын бағдарламаны іске қосу қажеттігін айтуда. Бұл процессті Windows реестрін өзгерту арқылы немесе домендегі тиісті саясатты жүзеге асыру жолымен автоматтандыруға болады. Бағдарлама Windows-тың барлық нұсқасында жұмыс істейді. Аталған ақпарат пен бағдарлама сілтемесі kz-cert.kz сайтында жарияланған. Одан бөлек, 2017 жылдың 14 наурызында жаңартылған вирус осал тұсты пайдаланып кетті, компьютерлердің зардап шеккені әкімшілік жүйелердің жеткілікті жұмыс істемегенінің айғағы», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Министрлік Қазақстанда компьютерлік оқиғалар бойынша ақпаратты жинап, талдау жасайтын, компьютерге төнген қауіптің алдын алуда пайдаланушыларға техникалық және кеңес беру қызметін көрсететін KZ-CERT Компьютерлік оқиғаларға жауап қайтару қызметінің жұмыс істейтінін еске салды.  (тел. 1400 - тегін жедел желі).

Соңғы жаңалықтар