Қосымша қаржы бөлінбесе, несиелік серіктестіктер тоқырауы мүмкін - АШМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев қаржының жетпеуі АӨК саласындағы несиелік серіктестіктер үшін үлкен мәселеге айналуы мүмкін екенін атап өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазіргі уақытта банктердің қаржыландыруы азайып барады. Мәселен, несиелеу көлемі 292 миллиардтан 222 миллиард АҚШ долларына дейін, яғни 24 пайызға төмендеген. Лизинг бойынша да несиелеу 62-ден 42 миллиард теңгеге немесе 30 пайызға азайған», - дейді А.Евниев Парламент Сенатындағы агроөнеркәсіп кешенінің мәселелері талқыланған дөңгелек үстелде.

Вице-министрдің айтуынша, министрлік барлық несиелеу мен лизингтің төмендеуі факторларына талдау жасаған.

«Нәтижесінде, нені көріп отырмыз? Ең алдымен, несиелер қымбат, екіншіден шаруалардың кепілге қояр мүлкі жеткіліксіз. Өзін-өзі ақтау мерзімі де ұзақ. Ауыл шаруашылығының табысы сауда немесе мұнай-газ саласындағыдай жоғары емес. Несиелік серіктестіктер қазірдің өзінде ыңғайлы шарттарды ұстанып отыр. Егер біз қосымша қаржы бермесек, онда несиелік серіктестіктер дамуында тоқырауға тап болуымыз мүмкін», - дейді ол.

Арман Евниев дөңгелек үстелде мәселені шешуге қатысты министрліктің ұсынысын да білдірді.

«Осыған орай нарықтың туындатып отырған мәселелеріне нақты нарықтық шараларды ұсынып отырмыз. Яғни, негізгі қаржының несиесі бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидиясы мен ауыл шаруашылығы техникасына берілетін лизингті қалпына келтіру маңызды. Бұл шара несиелік жүктемені жеңілдетіп, АӨК субъекттерін несиелеуді арттырады. Сонымен бірге, бұл шара ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуға мүмкіндік беріп, өнімділікті көтереді», - деп түйді ол.

Фото: forbes.kz

Соңғы жаңалықтар