Қостанайлықтар енді барлық коммуналдық қызмет ақысын бір жерде төлей алады

None
None
АСТАНА. ҚАзАқпарат - Қостанайда Коммуналдық қызмет көрсету орталығы ашылды. Енді тұрғындар қаладағы үш коммуналдық кәсіпорынның -  «Қостанай Су», «КТЭК» МҚК және «Тазалық-2012» қызмет ақысын бір орталықта төлейтін болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қала әкімі Базыл Жақыпов ашылу салтанатында атап өткендей, жаңа орталықтың ғимаратын әкімдік бөлген, сәйкесінше коммуналдық кәсіпорындар жалға алу ақшасын төлемейтін болады

«Барлық коммуналдық кәсіпорындар қаланың түрлі бөлігінде орналасқан, бұл өте ыңғайсыз. Мұнда ондай проблема жоқ. Біз қостанайлықтарға Тәуелсіздік күнінде осындай мүмкіндік сыйлай алғанымызға қуаныштымыз», - деді Базыл Жақыпов.

Орталық демалыссыз жұмыс істейді. Мұнда тек коммуналдық қызмет ақысын төлеп қоймай, тұрғын үй жәрдемақысы бойынша анықтама алып, келісімшартты қайта жасауға және т.б. мүмкіндіктер бар.  



Соңғы жаңалықтар