Қостанайлық жасөспірімдер бірнеше жыл бойы аккумулятор ұрлап келген

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Облыстық тәртіп сақшылары аккумулятор батареяларының ұрлығы деректеріне қатысты Әулиекөл ауданының екі тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер 15 қаңтар күні кешке «Әулиекөл-Қостанай» бағытында жеңіл автокөлікті тоқтатады. Көлік ішінде 17 жасар жасөспірімдер болған. Тексеру барысында көліктен екі қымбат аккумулятор табылды.

«Күдіктілердің Аманқарағай ауылында тұратыны анықталды. Олар сол күні «Камаз» жүк көліктерінің аккумуляторларын қолды қылған. Осылайша, жәбірленушілерге 80 мың теңгеге жуық шығын келтірген», - делінген облыстық ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Белгілі болғандай, күдіктілер осы «кәсібі» арқылы бірнеше жыл бойы пайда тапқан. Мәселен, былтыр ауылдасының екі қымбат аккумуляторын алып кеткен. Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың 3 қаңтарында аулада тұрған «Камаз» көлігінің 120 мың теңгелік аккумуляторын ұрлаған.

Жасөспірімдер ұрланған мүліктерді түрлі жерлерге өткізіп, ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Аталған жайт бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар