Қостанайлық шаруалар малдың жай-күйін «онлайн» жүйеде бақылап отыратын болады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда Цифрландыру бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы саласына «ақылды» жүйелер енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысында «ақылды» жүйелер сүт және ет фермаларында, құс фирмалары, кондитерлік фабрикаларда қолданылады. Осы ретте жергілікті шаруалар шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасатын болады. Сол себепті астықты аймаққа Азия даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің директоры Джованни Капаннели бастаған бір топ делегат келді. Олардың арасында ауыл шаруашылығы саласында зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген Мичиган мемлекеттік университетінің (АҚШ) профессоры Чен Джикуан, ІНЕ институтының (Нидерланды) профессоры Вим Бастиаанссен сияқты ғалымдар бар. Меймандар алдымен Қостанай ауданында орналасқан «Садчиковское» ЖШС базасына барды. Аталған серіктестік биыл «Ақылды сүт фермасы» жобасын қолға алған болатын.

«Біз 2013 жылдан бастап ашытылған сүт өнімдерін өндірумен айналысып келеміз. Сүт цехы бір күнде 15000 литрге дейін сүт өнімдерін шығарады. Германиядан НАRTМАNN құрылғысын алдырып, өнімділікті арттырдық. Енді биыл шаруашылықты толықтай цифрландыру жүйесімен қамтамасыз етеміз. Алдағы уақытта «Смакстек» құрылғысы сатып алынады. Бұл арқылы әрбір ірі қара малдың (ІҚМ) жай-күйін «онлайн» режимде бақылауға мүмкіндік береді. Арнайы дабыл белгісі арқылы жануардың температурасы, қозғалыс белсенділігі туралы мәлімет түсіп отырады. Дәл сол сәтте сиырға қажетті жем-шөп, судың көлемі экранға шығады», - деп түсіндірді «Садчиковское» ЖШС директоры Сергей Фицнер.

«Смакстек» құрылғысы алдағы 3 айда 30-40 аналық ІҚМ енгізіледі. Егер оңды нәтижеге қол жетіп жатса, құрылғыны 1000 аналық басқа қондыру жоспарда бар.

Соңғы жаңалықтар