Қостанайлық полицейлер жаяу жүргіншіні қаққан автокран жүргізушісін іздеп жатыр

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайлық тәртіп сақшылары 18-қараша күні жаяу жүргіншіні қаққан көлік жүргізушісін іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Автокран жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 37 жастағы ер адамды қағып оқиға орнынан ізін суытқан. Ал жәбірленуші бірнеше ауыр дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Бұл факт бойынша ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 610 және 611 баптарымен әкімшілік өндіріс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар