Қостанайлық полицейлер автобустарды тексеріп жатыр

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда 22 қаңтар мен 18 ақпан аралығында жолаушылар және жүк тасымалдайтың автобустар тексеріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат жергілікті полиция қызметінің бастығы Нығмет Ысмағұловқа сілтеме жасап.

«Біздің қызметкерлер облысаралық, халықаралық қатынастағы жолаушылар және жүк тасымалдайтын көліктерді тексереді. Әрбір рейс алдында көліктің міндетті техникалық байқаудан өтуіне, жүргізушілердің еңбек және демалыс режімін сақтауларына баса назар аударылады», - деді Ысмағұлов.

Қазір бүкіл Қазақстан бойынша «Автобус» жедел-профилактикалық шарасы өтіп жатыр. Айта кетейік, жергілікті полиция қызметі мен көліктік бақылау инспекциясы бірлесе жұмыс істейді.

«Жолаушылар тасымалдайтын автобустардың техникалық ақауы болса, оның жүруіне келісім берілмейді. Сондай-ақ, полицейлер шетелдік жолаушыларды тасымалдауға рұқсат беретін құжатты да қарайды. Егер тексеру нәтижесінде құқықбұзушылық анықталса, әкімшілік жаза қолданылады», - деді тәртіп сақшысы.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар