Қостанайлық оқушылар жазғы демалыстарын киелі орындарда өткізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай оқушылары жазғы демалыстарын тарихи және киелі орындарда өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірдегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру туралы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында  айтты.

«Туған өлкенің тарихы мен мәдениетін зерттемей ұлттық кодты сақтау мүмкін емес, бұл - өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің негізі. Мектеп оқушыларының жазғы демалысы кезінде 9 мың бала үшін тарихи және киелі орындарға 600 экспедиция, 2 мың бала үшін 57 экологиялық-туристік алаңдар ұйымдастырылады. Осылайша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы білім беру мен тәрбие жүйесін толықтай қамтып, туған жерге, тарихи мұрамызға ерекше құрмет қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде», - деді Архимед Мұхамбетов.

Сонымен бірге, әкім облыста «Менің Отаным - Қазақстан» туризм мен өлкетану ресурстық орталығы құрылғанын хабарлады. Бүгінгі таңда Орталық 20 электронды экскурсиялық маршрут жасап шығарған.

Соңғы жаңалықтар