Қостанайлық маман Еуропа чемпионатында төрелік жасайды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - ФИФА төрешісінің көмекшісі, қостанайлық Елена Алистратова 2018 жылғы Еуропа чемпионатының матчтарына төрелік етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елена Алистратова 17 жасқа дейінгі қыздар арасында Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінің матчтарында жұмыс істейді. Ал финалдық кезең 9-21 мамыр аралығында Литвада өтеді. Айта кетейік, топтық ойындардың нәтижесі бойынша шешуші бәсекеге Германия, Испания, Польша, Англия, Голландия, Финляндия және Италия жолдама алды. Литва құрамасы алаң қожайыны ретінде қатысады.

Сонымен қатар, бұл турнирде Уругвайда өтетін 17 жасқа дейінгі қыздар арасында 2018 жылғы Әлем чемпионатына қатысатындар іріктеледі. 

Соңғы жаңалықтар