Қостанайлық конькиші Олимпиаданың екі жолдамасын ұтып алды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайлық конькимен жүгіру шебері Денис Кузин Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық конькишілер одағы 2018 жылғы Олимпиада ойындарына баратын спортшылар тізімін жариялады. Іріктеу қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасы тоғыз жолдама жеңіп алды. Ал қостанайлық Денис Кузинде екі жолдама бар. Ол 1000 және 1500 метрге жүгіреді.

«Мен қолдан келгенше, ел абыройын асқақтатуға тырысамын. Әрине, Олимпиадаға кілең мықтылар келеді. Бірақ, біздің елде де қысқы спорт түрлері дамыған. Мұны дәлелдеу біздің қолда», - деп жазды спортшы Instagram парақшасына.

Кузиннен бөлек, әлемдік додаға баратындардың қатарында Екатерина Аидова, Федор Мезенцев, Роман Креч, Станислав Палкин сынды танымал конькишілер бар.

Айта кетейік, Кузин, Креч және Аидова Сочи мен Ванкуверде өткен Олимпиада ойындарына қатысқан.

Соңғы жаңалықтар