Қостанайлық кәсіпкерлерді бопсалап келген бұзақылар ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Тәртіп сақшылары Қостанайдағы орталық базар аумағында кәсіпкерлерді қорқытып, ақша алып келген екі бұзақыны ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Облыстық ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері Руслан Рамазановтың сөзінше, 22 және 27 жастағы облыс тұрғындары бір жыл бойы кәсіпкерлерді қорқытып, олардан 500 мың теңге көлемінде ақша алған.

«Күдіктілер Складская көшесіндегі базардағы саудагерді қорқытып, ақша бопсалаған. Олар бұл әрекеттерін бір жыл бойы жасап отырған. Есесіне бұзақылар саудагерге «крыша» болуға уәде етті. Бұл екеуі орталық базар маңында 100 мың теңге алып жатқан кезде қолға түсті», - деді Р. Рамазанов.

Қылмыскерлердің бұрын сотталғаны белгілі болды. Ведомство мәліметінше, бұдан басқа бірнеше ақша бопсалау фактісі тіркелді. Қазір полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар